Жұма, 27 желтоқсан, 15:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Үкімет зейнетақы мен жәрдемақыға қатысты заң жобасын мақұлдады

24.08.2021

2843 0

Үкімет «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, заң жобасы халықтың әл-ауқатын жақсартуды және экономиканы біртіндеп қалпына келтіруді көздейді. Қазіргі болжам бойынша келесі жылы бюджетке түсетін қаржы 431 миллиард теңгеге ұлғаяды. Осылайша жалпы көлемі 13 триллионға жетеді. Соның ішінде мұнайдан басқа салалардан алынатын түсімдерді барынша арттыру жоспарланған. Ал мұнайдан түсетін ақшаны Ұлттық қорға көбірек салу қажет. Сондықтан қордан алынатын қаражаттың көлемі біртіндеп азаяды. 

«Келесі жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2,4 триллион мөлшерінде болады. Ол біртіндеп 2024 жылы 2 триллион теңгеге дейін төмендейді», – деді Жамаубаев үкіметтің бүгінгі отырысында.  

Ал трансферттерді есептемегенде республикалық бюджеттің түсімдері 2022 жылы 9,2 триллион, 2023 жылы 9,7 триллион, ал 2024 жылы 10,4 триллион теңгені құрайды.

«Бюджет тапшылығы 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің 3,3 процентінен кезең-кезеңімен 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,5 процентіне дейін төмендейді деген жоспар бар. Ал шығыстар 2022 жылы 577 миллиард теңгеге ұлғая отырып, 15,9 триллионды құрайды», – деп атап өтті Жамаубаев.  

Министр әлеуметтік салаға бөлінетін бюджет қаржысы сол күйінде сақталатынын ерекше атап өтті. Оның көлемі барлық шығыстың 50 процентін құрайды.

«Осылайша келесі жылы 2021 жылдың бюджетіне қарағанда әлеуметтік шығыстар 515 миллиард теңгеге өсе отырып, 8 триллион теңге көлемінде жоспарланды. Шығыстың өсуі жыл сайынғы индекстеуге, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың көбеюіне, сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысының көтерілуіне байланысты болып отыр», – деді Жамаубаев.

Министрлер кабинеті заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді құжат парламент мәжілісінің қарауына енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: