Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Үш жылды емес, бір жылды ойлаған жөн…

25.06.2022

565 0

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламент отырысында бюджетті бір жылға жоспарлауды ұсынды.

«Биыл күн тәртібіне бір қарағанда қарапайым, бірақ өте маңызды мәселе – бюджет бекіткенде ағымдағы бюджетті жүз пайыз қалыптастыру мәселесі шықты. Ағымдағы шығын қаржымен қамтамасыз етілмей тұрып, даму бюджеті болуы мүмкін емес. Осы қажеттілікті жыл ортасында Ұлттық қордан жабуға тура келеді» деді Годунова.

Годунованың айтуынша, үш жылдық бюджет бүгінде ресми шарт болып қалған. Оны қалыптастыруға көп уақыт кетеді. Ал жүзеге асыру барысында тек бірінші жыл нақтыланып, түзетіледі.

«Ал одан кейінгі жылдарға тіпті көз салмаймыз. Алдағы кезеңді кезекті жоспарлау барысында бұрын қолдау тапқан шығынның кейбірі жаңа бюджеттен мүлдем түсіп те қалады. Нәтижесінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген, аяқталмаған нысандар пайда болады», – деді Есеп комитетінің басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: