Бейсенбі, 06 қараша, 22:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық банк әлде жекеменшік инвестор: Зейнетақы ақшасын кім тиімді басқарады?

06.11.2025

53 0

Фото: Арман Мухатов - архив

Бүгінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қордаланып жатқан ақша көлемі 25,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл келер жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігінен де көп. Егер олар ақша күйінде жатса, 5 жыл ішінде зейнетақымызды инфляция жеп қоюы мүмкін.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан қаржыны салымшы инвестиция тұрғысында тек мемлекеттік ұйымдар ғана емес жеке инвестициялық компанияларға бере алады. 

Бүгінде 25 трлн теңге мемлекеттік ұйымдарда болса, 700 млрд теңге жекеге тиесілі. Ақшаны кім мықты басқарады? Ұлттық банк па әлде жекеменшік компаниялар ма? Саралап көрелік.

Ұлттық банк – зейнетақы активтерін сенімгерлік пен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады. Тәуекелден қорғанып, халық ақшасын жоғалтып алмас үшін валюталар, елдер, секторлар бойынша қаржы құралдарының сан алуан түрлеріне инвестиция етіп қояды. Ұлттық Банк өзі басқарып отырған 25 трлн ақшаның 42,08%-ын Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына салған. 

Ал 9,33%-ын квазимемлекеттік компанияларының облигацияларына, 2,66%-ын Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің облигацияларына, 1,95%-ын еліміздегі компаниялар акцияларына бағыттаған. Бұдан біз зейнетақы активтердің 60%-ы тәуекелсіз, нарықтағы құбылусыз тұрақты бекітілген кірістілік беретін облигацияларға салынғанын байқаймыз. Одан ақша жоғалту мүмкін емес.

2024 жылдың қазан айынан күні бүгінге дейін Ұлттық банк зейнетақы жинақтарын басқарып, орта есеппен 14,11% кіріс әкелген.

Зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, нарықтық құнның өзгеруіне, инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Бірақ кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша құралдарды жабатын инвестициялық протфелді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді кезекте сақталауын қамтамасыз етеді,-делінген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры берген мәлімдемеде.

Ал жекеменшік инвест компаниялар біздің зейнетақымыздан 74,2 млр теңге басқаруға алып, оны инвестициялаған. Жалпы 5 жекеменшік компаниялар жұмыс жасаған. Олар: Alatau city invest, Halyk Global Markets, bcc invest, Central securitles және Halyk Finance болды.

Нәтижелерін саралайтын болсақ, Alatau city invest – 13,29 млрд теңге активті басқарып, 11,99% кіріс көрсетті. Halyk Global Markets – 6,98 млрд теңгені инвестициялап, 13,02% кіріс көрсетті. bcc invest – 8,51 млрд теңгені басқарып, 13,22 % кіріс көрсетсе, Central securitles – 3,33 млрд теңгеге зейнетақы ақшасын инвестициялауға мүмкіндік алған. 

Нәтижесінде, олар рекорд көрсетіп, 18,19% кіріс көрсетті. Бұл мемлекеттің нәтижесінен артық. Halyk Finance мемлекеттен 4,2 млрд теңге зейнетақы қаржысын иемденіп, 13,81% кірістілік алды. Нәтижесінде жекеменшік инвестордың жақсы көрсеткіш көрсетіп отырғанын  байқаймыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: