Дүйсенбі, 25 қараша, 12:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін ескертті

14.09.2022

1156 0

 Қазақстанның Ұлттық банкі жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен қолма-қол есеп айырыспайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттердің қарқын алғанын ескертеді. Өздерін «полиция қызметкері» немесе «Ұлттық банк қызметкері» деп таныстыратын алаяқтар азаматтарды алдап, несие, микрозайм рәсімдеуге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аударуға арбайды.

Мұндай схемалар алаяқтарды ұстау мақсатында банктік «науқан» деген сылтаумен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте іс-әрекеттерінің заңдылығын растамақ болып «Ұлттық банктің жалған қызметкеріне» қоңырау шалған болады, қызметкердің жалған куәлігін де көрсетеді.

Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған.

Осыған байланысты Ұлттық банк «құқық қорғау жүйесінің» немесе «Ұлттық банктің жалған қызметкерлерінен» қоңырау түскен кезде лезде әңгімені үзіп, алаяқтар ойлап тапқан «операцияларды» жүргізуге қатыспау керек екенін ескертеді. Осындай заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқаны жөн.

Сондай-ақ, Ұлттық банк мобильді қосымшаларды орнатпау керек екенін, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды сұрайды. Қандай жағдайда болмасын, телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есепшотына ақша аудармау керек, себебі мұндай аударымдарды қайтару немесе оны даулау өте қиын.

«Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады, Ұлттық банктің негізгі қызметімен nationalbank.kz ресми сайтында танысуға болады»,-делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: