Дүйсенбі, 24 қараша, 13:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық банк: Ақша аударымында заңсыздық бар

24.11.2025

44 0

Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Ұлттық банк «қате аударымдарға» қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін ескертеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰБ мәліметінше, көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу. Ондай кезде банк шотына түскен ақша сомасы туралы SMS-хабарлама келеді.

«Кейін ол адамға қаскөйлер қоңырау шалып, өзін ақша аударған адам ретінде таныстырады да, «қателесіп аударыппын» деген сылтаумен түскен ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Бірақ, көбіне мұндай хабарламалар жалған болып шығады», – делінген хабарламада.

Осындай хабарлама немесе қоңырау келген кезде ақшаның қайдан түскенін банктің ресми мобильді қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы тексеріп алған абзал. Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек.

Алаяқтық схеманың тағы бір түрі бар. Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шын ақша аударады.

Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, «қателесіп аударғанын» айтады да, түскен ақшаны басқа шотқа аударуды сұрайды. Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына, болмаса, сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін.

«Ұлттық банк осындай оқиғаға тап болған жағдайда немесе белгісіз біреулерден ақша түскенде үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болуға шақырады. Өзге адамнан түскен ақшаны қайтару үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса, тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек», – дейді мамандар.

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жекетұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, түрлі инвестициялық қорлар мен қаржы өнімдерінеқаржы салымдарын ұсынбайды, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды, халықпен де ақшалай есеп айырыспайды.

«Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына арыз түсіруге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөміріне қоңырау шалып, Ұлттық банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: