Бейсенбі, 20 қараша, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық банк басшыларының өздеріне 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны рас па?

20.11.2025

50 0

Фото: Ашық дереккөз

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен 2024 жылы Ұлттық банк жетекшілері өздеріне қомақты көлемде – 1,7 млрд теңге сыйақы жаздырып алғаны туралы сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, 2024 жылы Ұлттық банк басшыларының өздеріне 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы жаздырып алғаны туралы ақпарат тарады. Ал, сол жылы банк 355 млрд теңгеге шығынға ұшыраған. 

Журналист мұндай жағдайда миллиардтаған сыйақы тағайындаудың қисыны туралы сұрады. Алайда, модератор бұл мәселені талқылауды «күн тәртібіне сай емес» деп тоқтатты.

Осылайша, қоғамда үлкен пікірталас тудырған сыйақы мәселесіне қатысты нақты жауап тағы айтылмады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: