Сәрсенбі, 22 қазан, 14:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық банк басшысы инфляцияның басты себептерін айтты

22.10.2025

146 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Инфляцияның негізгі себебі – экономикадағы ақша массасының артық болуы. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы да айтты.

Біріншіден, инфляцияны төмендету – бұл халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, – деді Ұлттық Банктің жетекшісі.

Ұлттық Банк дерегінше, қазіргі кезде монетарлық агрегаттар шамамен 18%-ға өскен, ал бұл көрсеткіш бұрын біршама төмендеген болатын. Қазір ақша массасы қайтадан көбейіп келеді.

Экономикаға қаржының негізгі екі көзі бар: үлкен фискалды инъекциялар мен тұтынушылық несиелер. Осы себептен нарықта ақша көп, бірақ отандық өндіріс пен қызмет көрсету салалары оның сұранысына сай келе алмайды. Сол себепті сұраныс жоғары, ал тауарлар мен қызметтер жеткіліксіз болған кезде инфляция артады. Сонымен қатар импорттың да әсері бар, өйткені импортқа сұраныс валюталық нарыққа қысым түсіреді, – деп түсіндірді ол.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ең бірінші басымдық – фискалды консолидацияны жүзеге асыру және тұтынушылық несиелендіруді бақылау.

Біз ақша массасын шектеу бағытында шаралар қабылдауды жоспарлап отырмыз, – деді Ұлттық Банк төрағасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: