Бейсенбі, 23 қазан, 22:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің неліктен көтерілгенін түсіндірді

23.10.2025

57 0

Фото: жасанды интеллект/BAQ.KZ

Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Сенатта өткен дөңгелек үстелде неліктен базалық мөлшерлеменің көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша биыл әлемдік экономика 3,2%-ға өсті. Ал сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келеді.

Осы жылдың 9 айында ЖІӨ 6,3%-ке өсті. Экономикалық белсенділік бюджеттік ынталандыру мен жоғары инвестициялық сұраныс аясында қалыптасып отыр. Бұл ретте жиынтық сұраныстың алға озған өсімі инфляциялық қысым мен импортқа деген сұранысты күшейтті, – деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар ол қыркүйекте жылдық инфляция 12,9% болғанына тоқталды.

Инфляцияның қарқыны ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен қалыптасады. Сыртқы факторларға – әлемдік азық-түлік бағасының өсуі, көршілес Ресейдегі жоғары инфляция мен рубльдің нығаюы, сондай-ақ әлемдік саудадағы шектеулерден туындаған белгісіздік жатады. Ішкі факторларға – сұраныстың айтарлықтай артуы, тұтынушылық кредиттеудің белсенділігі, коммуналдық қызметтер тарифі мен жанар-жағармай бағасының өсуі, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер жатады, – деді Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары.

Белгілі болғандай, мұның бәрі ақша-кредит саясатын біршама қатаңдатуды талап етті.

Сондықтан Ұлттық Банк 10 қазанда базалық мөлшерлемені 18%-ке дейін көтеруге мәжбүр болды. Сонымен қатар инфляцияға қарсы қосымша шаралар кешені іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, минималды резервтік талаптардың жаңа нормативтері енгізілді, валюталық операцияларды теңестіру жалғасуда, – деді Ерұлан Жамаубаев.

Келесі жылдан бастап тұтынушылық кредиттеуді тежеуге және қарыз алушылардың құқығын қорғау мақсатында банктер қосымша капитал буферін қалыптастыра бастайды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: