Сейсенбі, 03 ақпан, 11:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

«Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қашан басталады

03.02.2026

61 0

Фото: Shutterstock

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы қайтадан қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Қазіргі кезде «Отбасы банк» пен Азия даму банкі арасында бас келісімді бекіту процесі жүріп жатыр, – деп хабарлайды  kursiv.media

«Отбасы банкінің» Алматы филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаеваның айтуынша, қос банк арасындағы келісім бекітілген соң, бағдарламаның шарттарын нақтыланады.

Оның сөзінше, «Ұмай» ипотекасының шарттары аталған келісімге қол қойылғаннан кейін ғана ресми түрде жарияланады.

«Ұмай» бағдарламасы алғаш рет 2021 жылы іске қосылып, 2023 жылға дейін жұмыс істеген. Кейін уақытша тоқтаған. Аталған ипотекалық бағдарламаны 2025 жылы іске қосу жоспарланғанымен, бірнеше рет кейінге қалдырылды.

Бұл бағдарлама бойынша әйелдер 50 млн теңгеге дейін бағаланатын үй ала алады. 20 пайыздан кем емес бастапқы жарна жинауға тиіс.

Бұған дейін әлеуметтік желідерде ипотекалық брокерлер бағдарлама қайта қосылды деп жазғанымен, «Отбасы банк» бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: