Сенбі, 01 қараша, 01:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы ақшасы енді акциялар мен бағалы қағаздарға салынады

31.10.2025

81 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстан Үкіметі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін кеңейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тиісті №909 қаулы 2025 жылғы 29 қазанда қабылданып, 31 қазанда Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, енді зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының қатарына мыналар енгізілді:

• баламалы құралдар;
• арнайы мақсаттағы компаниялар мен серіктестіктердің (Special Purpose Vehicle) акциялары мен үлестері;
• кепілге қойылған бағалы қағаздарды қарызға беру (Securities Lending).

Бұған дейін зейнетақы активтері негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарға, депозиттерге, облигацияларға және тәуекелі төмен корпоративтік құралдарға инвестицияланатын.

Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер Үкіметтің 2023 жылғы 2 тамыздағы №632 қаулысына түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылды. Аталған қаулы БЖЗҚ активтерін Ұлттық банк сенімгерлік басқаруындағы қаражат есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін бекітеді.

Жаңа қаулы ресми түрде алғаш жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Мамандардың пікірінше, инвестициялық құралдардың кеңеюі зейнетақы активтерінің табыстылығын арттыруы мүмкін. Алайда бұл қадам тәуекелдерді басқаруды және жаңа инвестициялық бағыттарды таңдаудағы ашықтық пен бақылауды күшейтуді талап етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: