Жұма, 14 қараша, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы қорына ақша түспеген қазақстандықтардың есепшоты бұғатталады

14.11.2025

43 0

Фото: Stan.kz

Зейнетақыға ақша салмаған қазақстандықтардың банк шоттары бұғатталады. Келесі жылдан бастап бұл шара қарызы 26 мың теңгеге жуықтаған азаматтарға қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұмыс берушілер, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар міндетті жарналарды әр айдың 25-нен кешіктірмей салып отыруы тиіс. Болмаса салық органы әуелі ескерту жасайды, 10 күнде қарыз жабылмаса банк картасына, ақша айналымына шектеу қояды.

“Біреуге жұмыс істеп жүрсе ол үшін жұмыс берушісі салық есебін тапсырады және сол жұмыс берушісіне шара қолданылады. Ал енді өзі жеке болып тіркелсе, әрине өзіне шара қолданылады. Бұл жерде жеке кәсіпкер деген түсінік бар, жеке тұлға деген түсінік бар. Жеке тұлғаға қарсы біз шара қолданбаймыз”, – дейді мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Қайсар Арын.

Экономистер бұл тәртіп жұмысын жаңадан бастаған мекемелерге, әсіресе бизнеске енді аяқ басқан кәсіпкерлерге үлкен кедергі болатынын ескертті. Есепшотты бір күнге жапқанның өзі қомақты шығын, сол үшін қарызды өтеу мерзімін ұзарту керек дейді. Тіпті бұғаттаудан басқа балама жолын қарастырған дұрыс деп есептейді.

“Форс-мажорға байланысты, мүмкін бір саяси факторлар немесе экономикалық қиындықтарға байланысты болып жатқанын ескермей, шоттарды бұғаттай беретін болсақ оның соңы экономикалық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сол үшін де бірінші кезекте алдын ала ережелері уақыты, мерзімі дұрыс анықталу керек”, – деді қаржыгер Бауыржан Ысқақов.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің сөзінше, зейнетақы жарнасын төлемегендердің есепшотын бұғаттау бұрыннан бар заң. Бірақ қазіргі тәртіп бойынша 1 теңге қарыздың өзіне ақша айналымына толық шектеу қойылып жүр дейді. Ал келер жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге қарызы 26 мың теңге жуықтаған жағдайда және борыш сомасына ғана бұғаттау көзделіп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: