Дүйсенбі, 01 желтоқсан, 19:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы қорынан миллиардтар қайда кетті?

01.12.2025

50 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

БЖЗҚ жыл басынан бүгінге дейін тұрғын үй мен емделуге азаматтарымыз қанша қаражат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қордың редакциямызға берген ресми жауабында биыл 1 қаңтардан 1 қарашаға дейін «БЖЗҚ» АҚ тұрғын үй алу мен емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) 502 242 адамға аударғаны айтылған.

Барлық төлемнің жалпы сомасы – 919,55 млрд теңге. Оның ішінде:

  • 242 544 адамға 531,06 млрд теңгеден сәл артық сома тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсалған;
  • 259 698 адам 377,2 млрд теңгеден астам қаржыны емделуге пайдаланды.

БЖЗҚ мәліметінше, тұрғындардың бұл мақсаттарға зейнетақы қаражатын пайдалану қарқыны жыл сайын артып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: