Жұма, 27 желтоқсан, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы қорындағы қаржыны депозитке аударуға болады

09.09.2021

1952 0

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қазақстандықтарға жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беруді тапсырып, бұл жұмыстарды жүзеге асыруға жауаптыларға тиімді механизм әзірлеуді жүктеді. Ел Президенті бұл шара қаражат жинау және оларды сауатты басқару әдетін ынталандырады деп атап өтті. Бүгінгі таңда жұмысшы тобы құрылып, істің механизмі әзірленуде дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Отбасы Банк» АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Сәулебаев.

«Бұған дейін зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асатын жинақтарын алғанда 45 күн ішінде пайдалану керек болатын. Болмаған жағдайда қаржы қорға кері қайтарылатын. Ал жаңа механизм бойынша ендігі жерде депозит арқылы жинақтауға, ақша салып болашақта үй сатып алуға мүмкіндік бар. Депозитке салынса жыл сайынғы банктің өсімақысы, қосымша сыйақылар төленіп, көлемі көбейіп отырады. Бірақ, депозиттегі қаржы қолма-қол берілмейді. Тек үй сатып алуға ғана пайдалана алады», – деді Әділжан Рақымжанұлы.

Зейнетақы қорындағы қаржыны депозитке аударуға болады

Айта кету керек, жыл басынан тамыз айына дейін 7357 адам зейнетақы қорындағы 25 млрд теңгеден астам қаржысын алған. Оның 4694 толық көлемде ақшасын төлеп, несиесіз үй алған. Ал 351-і баспананың бастапқы жарнасын төлуге, 127-і сатып алу құқығымен тұрғын үй алуға, 13-і үй салуға алған. 862 азамат зейнетақы қорынан алған қаржына емделуге жұмсаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: