Жұма, 02 қаңтар, 17:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы төлемдері салықтан босатылып, көпбалалы отбасыларға шегерімдер енгізілді

02.01.2026

51 0

Фото: Ерлан Омар

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық салу тәртібі мен 2026 жылдан бастап күшіне енетін жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша негізгі өзгерістер туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салықтық шегерімдер: Медицина, оқу және ипотека

Жеке тұлғалар 2025 жылға арналған ЖТС-ты есептеу кезінде медициналық қызметтерге, оқуға және ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы төлеуге жұмсалатын жоспарланған шығыстарды қамтитын алдын ала соманы қолдануға құқылы.

  • Ең жоғары мөлшер – 282 АЕК (1 219 650 теңге).
  • Жұмыс берушіге өтініш беру қажет. Сондай-ақ 2026 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей растайтын құжаттармен бірге декларация (270.00-нысан) тапсырылуы тиіс.

Жаңа Салық кодексі күшіне енсе оқу ақысы қымбаттауы мүмкін бе?

Көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер

18 жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасылар үшін 282 АЕК мөлшерінде салықтық шегерім көзделген. Әрбір ата-анаға ай сайын 11,75 АЕК (50 794 теңге) немесе оладың біріне ай сайын 23,5 АЕК (101 488 теңге) мөлшерінде қолданылуы мүмкін.

Келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншалықты өседі?

Біржолғы зейнетақы төлемдерін салықтан босату

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын біржолғы зейнетақы төлемдері ЖТС-тан толық босатылады. Бұл жеңілдік бұрын алынған және салығын 16 жылға дейін бөліп төлеуді таңдаған төлемдерге де қатысты қолданылады.

Мүліктік табыс және иелік ету мерзімі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлікті сату кезінде мүліктік табыс тек оған екі жылдан астам иелік еткен жағдайда ғана туындайды.

  • 2026 жылға дейін сатып алынған мүлікке бұрынғы бір жылдық мерзім сақталады.
  • Табыс алынған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылып, салық 25 қыркүйектен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Бағалы қағаздарды өткізу

Құн өсімінен алынатын табыс әрбір операция бойынша оң және теріс нәтижелерді жиынтықтау арқылы есептеледі. Бағалы қағаздарды есептен шығару хронологиялық тәртіппен жүреді, ал брокерлік сыйақы бастапқы құнға енгізіліп, салық салынатын табысты азайтуға мүмкіндік береді.

1 қаңтардан бастап салық реформасы күшіне енеді. Базардағы баға шарықтауы ықтимал

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: