Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы жинағы: шекті көлемі артты

02.04.2022

1384 0

Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда зейнетақы қаражатының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі өсті.

Әр жастағы адам үшін зейнет­ақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі туралы ақпарат «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» сайтында көрсетілген. Дегенмен зейнетақы жинақтарын пайдалану мақсаттары өзгермеген. Қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға және ем-дом алуға жұмсауға болады. Оған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасына орай 2021 жылға есептелген төменгі жеткіліктілік шегін қолдану мерзімі 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылған еді.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Үкі­метті зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін қол­дану мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырды. «Күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдайды ескере оты­рып, «AMANAT» партиясы жанын­дағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің Төрағасы ретінде Үкіметті зейнетақы жинақтары ең төмен жеткіліктілігінің ағымдағы шек­терінің қолданылу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуға шақырамын», – деп жазды депутат.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: