Дүйсенбі, 10 қараша, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану: маңызды шешім әзірленіп жатыр

10.11.2025

43 0

Midjourney арқылы жасалған

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.

Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, оларды төмендегідей мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылады:

  • тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу;
  • ай сайынғы төлемді азайту;
  • несиенің мерзімін қысқарту.

Құжатқа сүйенсек, жаңартулар Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты, оған сәйкес Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Министрлік мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша құралдар беру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: