Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы салық режиміне қатысты мәлімдеме жасап, мерзімі мен шарттарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енгенін және онда үш арнайы салық режимі (АСР) қарастырылған:
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
- оңайлатылған декларация негізінде;
- шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін.
“Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді жеке кәсіпкер (ЖК) болып табылмайтын, жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғалар (ЖТ) қолдануға құқылы. Сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолдану мақсатында айқындаған қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыруы тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолдану үшін қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген және оған 40 қызмет түрі кіреді, оның ішінде такси қызметі, дайын тағамды жеткізу, курьерлік қызмет, шаштараз қызметтері және т.б.” – делінген харламада.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ге көшу үшін 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ді және арнайы мобильді қосымшаны қолданған жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында жеке кәсіпкер ретінде есептен шығуы қажет.
“Егер жеке кәсіпкер өз бетінше ЖК ретінде есептен шықпаса немесе оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшу туралы хабарлама тапсырмаса, онда 2026 жылғы 1 наурызда салық органдары мұндай жеке кәсіпкерді ЖК ретінде есептен шығарады. Бұл ретте есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып белгіленеді. Жеке тұлғалардың өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ді қолдануы арнайы мобильді қосымшада чек берілген айда танылады”, – деп қосты комитет өкілдері.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
