Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа үш облыстың автокөліктеріне қандай цифрлық код беріледі

16.06.2022

1087 0

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан құрылған үш облыста автокөліктердің цифрлық коды әліпби тәртібінде бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден жаңа облыстар қандай цифрлық код алатынын сұрады.

«Әліпби тәртібінде 18, 19, 20 нөмірлері болатын шығар. Ақылға қонымдысы осы», – деп жауап берді Қуантыров.

Ол цифрлық кодты бөлу ішкі істер министрлігінің құзырына кіретінін, сол себепті соңғы шешімді солар қабылдайтынын атап өтті.

Болжам бойынша Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19, ал Ұлытау облысы 20 нөмірмен белгіленеді.

Қазақстан өңірлерінде цифрлық кодтар былайша бөлінген: Нұр-Сұлтан – 01, Алматы – 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы– 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысы– 07, Жамбыл облысы – 08, Қарағанды облысы – 09, Қостанай облысы– 10, Қызылорда облысы – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысы – 13, Павлодар облысы – 14, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент – 17.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: