Дәл бүгін ақша айырбастау пунктерінде доллар 504,7-507 теңге бағамымен сатылып және сатып алынып жатыр. Экономист Айбар Олжайдың 2026 жылы доллар бағамына қатысты болжамын білдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экономист Айбар Олжайдың айтуынша, қазіргі уақытта шетелдік инвесторлардың белсенділігі теңге бағамына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Оның сөзінше, инвесторлар теңгелік мемлекеттік құнды қағаздарды көптеп сатып алып жатыр, себебі Қазақстандағы базалық мөлшерлеме жоғары, бұл олар үшін өте тиімді.
Қазір критерийді операциялары теңгеге өте күш беруде. Өйткені шетелдік инвесторлардың барлығы теңгелік мемлекеттік құнды қағаздарды ұстап отыр. Себебі базалық мөлшерлеме жоғары және олар үшін біздің теңгелік облигацияларды ұстау тиімді болып отыр. Олар тіпті теңге қатты құбыла қоймайды деп сенеді. Белгілі бір “паника” болмаса, теңгенің қазіргі күшеюі біраз уақыт сақталады деп ойлаймын, – дейді сарапшы.
Экономист 20 желтоқсаннан кейін жағдай өзгеруі мүмкін екенін айтады. Оның айтуынша, жаңа жылдық сатып алулар басталғанда импорт үлесі күрт артып, бұл долларға деген сұранысты күшейтеді.
Жаңа жылдық сатып алулар кезінде импорт үлесі көбейеді. Барлығы бір-біріне сыйлық алып бастайды, оның 95 пайызы – импорт. Сондықтан долларға деген сұраныс өсетіні анық. Бұған жаңа жылдық демалысқа кететін азаматтардың әсері де қосылады, – деді сарапшы.
Олжайдың пікірінше, теңгенің қазіргі нығаюы нарықтың нақты фундаменталды жағдайын толық көрсетпейді. Мұнай экспортын жеткізетін құбырлардағы ықтимал кідірістер де әсер етуі мүмкін.
Қазір байқап отырғанымыз – теңгенің шынайы фундаменталды бағасы емес. Себебі КТК құбыры арқылы мұнай экспортында белгілі бір кедергілер немесе кідірістер болуы ықтимал. Сондықтан теңгелік облигацияларды ұстап отырған шетелдік инвесторларға уақытша факторлар әсер етіп жатыр, – деді ол.
Экономисттің болжамынша, жаңа жыл қарсаңында доллар бағамы қайтадан бұрынғы деңгейіне оралуы мүмкін.
Жаңа жылға таман доллар өзінің түпкілікті 525-530 теңге деңгейіне келеді, – деп болжады Айбар Олжай.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
