Дүйсенбі, 12 қаңтар, 05:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Жаңа жылдан бастап халықтың табысы инфляциядан жоғары 2–3%-ға өседі

19.11.2025

170 0

Фото: - архив

2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3%-ға өседі. Бұшл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Халықтың табысын қолдау үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын жүзеге асыру жалғасады. Экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылатын болады, – деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, мемлекет әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыруға ниетті.

Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады, – деді Серік Жұманғарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: