Жұма, 07 қараша, 11:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Жекелеген тауарлардың ең төменгі бағасы 2026 жылдан бастап жаңа тәсілмен есептелетін болады

07.11.2025

66 0

Фото: Zakon.kz.

Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 28 ақпанға, 31 мамырға, 31тамызға дейін және 30 қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан әрбір тауарға қатысты ақпарат беру айының алдындағы 3 (үш) ай үшін өндіруші кәсіпорындардың тауарларға орташа бағасын сұратады.

Өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы тауардың өлшем бірлігі үшін теңгемен беріледі.

Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 15 наурыздан, 15 маусымнан, 15 қыркүйектен және 15 желтоқсаннан кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында тауардың әрбір түріне БТД есептейді және жариялайды.

Қазақстанда өндірілетін тауарларға бағаның ең төменгі деңгейі (БТД) өндіруші кәсіпорындардың орташа бағасы мен әкелінген тауарлардың орташа құны арасында орташа арифметикалық бағаны табу жолымен есептеледі.

Сондай-ақ, Ережеде ҚР-да өндірісі жоқ тауарлар бойынша БТД тауарлардың кедендік құнын және ҚР-ға алдыңғы 3 айда әкелінген тауарлардың орташа құнын бақылау кезінде пайдаланылатын баға ақпаратының орташа арифметикалық мәні арасындағы орташа арифметикалық мән ретінде айқындалатыны айқындалған.

Бұл мән тек тауарларды импорттау кезінде ҚҚС сомасын есептеу үшін қолданылады.

БТД жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, 1 сәуірден 30 маусымға дейін, 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін анықталады.

Бағалардың ең төменгі деңгейі айқындалатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі

  • Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар
  • Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарлар тізбесі:

  • спирт концентрациясы 80 көлемдік % немесе одан жоғары денатуратталмаған этил спирті
  • сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтыларда жүзім шарабын дистиляциялау немесе жүзімді сығу нәтижесінде алынған спиртті тұнба, коньяк (Cognac)
  • сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз құтылардағы спирт концентрациясы 45,4 көлемдік % немесе одан кем арақ
  • сыйымдылығы 2 литрден астам ыдыстардағы спирт концентрациясы 80 көлемдік %-дан аз денатуратталмаған этил спирті
  • құс жұмыртқасы, қабықтағы, жаңа, үй тауықтарының (Gallus domesticus)
  • жұмсақ бидайдан және спельтадан алынған бидай ұны
  • қатты бидай, өзгелері
  • бидай, өзгелері
  • өзге күнбағыс майлары және оның фракциялары нетто-көлемі 10 литр немесе одан аз бастапқы қаптамада
  • белсенді наубайхана ашытқысы, құрғақ
  • белсенді наубайхана ашытқысы, өзгелері
  • өзге де балқытылған ірімшіктер, үгітілмеген немесе ұнтақ түрінде емес, құрамындағы май мөлшері 36 масс.% аспайтын, құрғақ заттағы май мөлшері 48 масс.% асатын
  • май мөлшері 40 масс.% аспайтын сүзбе, өзгелері
  • жаңа немесе салқындатылған картоп, өзгелері
  • жаңа немесе салқындатылған ақ қырыққабат
  • жаңа немес салқындатылған сәбіз
  • алма, өзгелері
  • Өзге күнбағыс тұқымдары, ұсатылған немесе ұсатылмаған, қағылмғандардан басқа
  • сұйық, өзге де ұшпайтын өсімдік майлары, аралас
  • шұжықтар, құрғақ немесе паста тәрізді, шикі, еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан
  • еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан жасалған басқа ұқсас өнімдер
  • еттен, ет қалдықтарынан немесе қаннан жасалмаған басқа ұқсас өнімдер
  • макарон өнімдері, өзге кептірілген
  • азот, фосфор және калийдің үш қоректік элементін қамтитын минералдық немесе химиялық тыңайтқыштар, құрғақ сусыз өнімдегі азоттың мөлшері 10 масс.% астам
  • азот пен фосфордың екі қоректік элементін қамтитын басқа минералды немесе химиялық тыңайтқыштар
  • дайын антифриздер және мұзға қарсы сұйықтықтар
  • шлак жүн, минералды силикатты жүн және ұқсас минералды жүндер (олардың қоспаларын қоса алғанда), үйінді түрінде, парақтарда немесе орамдарда: өзгелері

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар

  • басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар; бояуларды немесе лактарды кетіруге арналған дайын қоспалар, өзгелері
  • Agaricus тұқымдасының саңырауқұлақтары, жаңа немес салқындатылған
  • жаңа, плантайндарды қоса алғанда, банандар
  • жаңа, тәтті апельсиндер
  • мандариндер жаңа және кептірілген (танжериндер мен сатсумды қоса алғанда)
  • жаңа құрма
  • қант немесе басқа тәттілендіргіштер қосылмаған Vaccinium myrtillus (көкжидек) түріндегі өсімдіктердің басқа жемістері
  • құрамында 7 масс.% астам кремний тастарының ұнынан немесе ұқсас кремний жыныстарынан жасалған бұйымдардан басқа, құрамында 45 масс.% аз глиноземі (Al2O3) бар отқа төзімді кірпіштер, блоктар, плиткалар және ұқсас отқа төзімді керамикалық құрылыс материалдары

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: