Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жиһаз жасау трендте

12.11.2022

2237 0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жиһаз өнімдерін шығару көлемі 4,2 пайызға өсіп, 46,7 млрд теңгеге жеткенін хабарлады. Саладағы өсім көрсеткіші инвестиция көлемінің артуымен байланысты.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында жиһаз өнеркәсібіне 3 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 пайызға артық. Инвестицияның басым көпшілігі жаңа жобаны қолдауға немесе бұрынғы кәсіпорындарды дамытуға бағытталған. Мысалы, биыл Шымкент қаласында жиһаз жасалатын жаңа кәсіпорын іске қосылды. Ал осы өнеркәсіп үшін шикізат компоненттерін шығару кәсіпорны Солтүстік Қазақстанда ашылды.

Аймақтар арасында жиһаз шығару бойынша жетекші орынды Алматы қаласы алып тұр. Еліміздің мәдени астанасында өндіріс көлемі 13,3 млрд теңгені құрайды. Шаһар аумағында осы саладағы барлық жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 30 пайызы шоғырланған. Сондай-ақ жиһаз өндірісі бойынша көшбасшылар қатарында Алматы, Қарағанды және Павлодар  облыстары бар.

Қазақстанда жиһаз өнімдерін тұтыну нарығы өткен жылы 221 миллиард теңге көлемінде болды. Сарапшылар халық санының өсуі, көші-қон, кірістің ұлғаюы, инфрақұрылымның кеңеюі, сондай-ақ жаңа тұрғын үй жобалары мен коммерциялық үй-жайлар құрылысының өсуі есебінен жиһаз өнімдерін әлемдік тұтынудың тұрақты өсуін болжауда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: