Жұма, 05 желтоқсан, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Жоғары мөлшерлеме мен жаңа салықтар – халықты не күтіп тұр?

05.12.2025

34 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

2025 жылы инфляция 12-13% болса, 2026 жылы 9,5-12,5% шегінде күтіледі. Келесі жылы инфляция қатты түсе қоймайды деп болжайды экономист, сарапшы Айбар Олжай. Бұл туралы ол «15 минуттық экономика» жобасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Экономисттің сөзінше, 2027 жылы инфляция Ұлттық банк бойынша 5,5-7,5 аралығына дейін түсуі тиіс.

Енді ол болжам. Біз экономикаға ақша құйған сайын инфляциямыз белгісіз болып секіре бастайды, – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, болжам тәуекелдері ішкі сұраныс пен ұсыныс мүмкіндіктері арасындағы теңгерімсіздіктің күшеюінен, сыртқы инфляцияның және инфляция күтулердің жеделдеуімен, сондай-ақ реттелетін бағалардың, қосымша құн салығының артуынан болатын қайталама әсерімен байланысты.

2025 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 6-6,5%-ға дейін жақсарды. Бұл – мұнай өндірудегі озыңқы қарқынның әсері, – деп баға береді экономист.

Бір сөзбен айтқанда, келесі жылы қосымша құн салығына ілініп кетпес үшін, желтоқсан айында барлық экономикалық жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.

2025 жылғы жоғары базалық мөлшерлеме салдарынан және салық-бюджет реформасымен, бюджеттік шоғырландырудың ішкі сұранысқа тежеуші әсерін ескере отырып, 2026 жылы ондай керемет экономикалық өсімді көрсете алмаймыз, – дейді сарапшы.

Айбар Олжайдың пікіріне сүйенсек, 2027 жылы экономиканың өсуі 4-5% ауқымында болады деп күтіледі. Бұл өсу инвестициялық белсенділіктің кеңеюі, бірқалыпты тұтынушылық сұраныс пен мұнай өндірудің ұлғаюы есебінен болады деп болжанып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: