Бейсенбі, 20 қараша, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Жұманғарин: Өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 33%-ға дейін төмендейді

20.11.2025

45 0

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенат отырысында «2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, жергілікті бюджеттер теңгерімделген. Барлық базалық шығыстар ескерілді. Даму бюджеті республикалық бюджеттің мүмкіндігін ескере отырып қалыптастырылды.

Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін жергілікті бюджеттердің кірістері 2026 жылы 10,7 трлн теңге, 2027 жылы 12,1 трлн теңге, 2028 жылы 13,3 трлн теңге мөлшерінде болжанды. Шығыс 2026 жылы 14,9 трлн теңгені, 2027 жылы 17,3 трлн теңгені және 2028 жылы 18,7 трлн теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі инфляцияға индекстеу және өңірдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың болжамды саны ескеріле отырып есептелді, – деп атап өтті вице-премьер.

Белгілі болғандай, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде нысаналы мақсатын сақтайтын ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған шығыстар, суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге арналған қаражат, жаңадан іске қосылатын объектілерді күтіп-ұстауға арналған шығыстар және басқа да 2026 жылға –1,5 трлн теңге, 2027 жылға – 1,6 трлн теңге, 2028 жылға – 1,7 трлн теңге көлемінде қосымша ескерілді. 2026 жылға арналған субвенциялар 5,2 трлн теңге, алып қою 879,9 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр, – дейді Серік Жұманғарин.

2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор болады.

Біздің бағалауымызша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді. Өңірлердің базалық инфрақұрылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін, даму бюджеті бойынша өңірлердің нысаналы көрсеткіштерінің мәндерін есептеу Өңірлік стандарттар жүйесінің нәтижелері ескеріліп жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін даму бюджеті жыл сайын ұлғаяды: 2026 жылы 1,8 трлн теңге, 2027 жылы 3,2 трлн теңге және 2028 жылы 4,1 трлн теңге. Үш жылда барлығы 9,1 трлн теңге, – деді Ұлттық экономика министрі.

Даму бюджетіне салынған қаражатты ескерсек, өңірлік стандарттар жүйесін қамтамасыз ету көрсеткіші 69,2%-ды құрайды.

2026 жылы қаражат басталған жобаларды аяқтауға, ал одан кейінгі жылдары жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: