Сәрсенбі, 19 қараша, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Жұманғарин: Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттамайды

19.11.2025

39 0

Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз брифингінде азық-түлік бағасының маусымдық қымбаттауына қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, Қазақстанда Жаңа жыл алдындағы кезеңде азық-түлік бағасының «шарықтап кетуін» күтуге еш негіз жоқ. Үкімет негізгі азық-түлік тауарларының бағасын мұқият бақылап, олардың қалыптасу тетіктерін талдап жатыр.

5-6 негізгі позицияны жеке-жеке зерттеп, түпкілікті бағаның қалай құрылатынын қарастырып отырмыз. Егер алыпсатарлық әрекеттер байқалса, тиісті шара қабылдаймыз. Ал егер бұл таза нарықтық құбылыс болса, онда шешімді нарық қағидаттарына сай қабылдаймыз, – деді ведомство басшысы.

Жұманғарин қазіргі ахуалдың өндіріс ерекшеліктеріне байланысты екенін атап өтті. Мәселен, Қазақстан жылыжайларда өсірілетін қызанаққа айтарлықтай тәуелді, сондықтан оның бағасы маусымға қарай құбылып тұрады.

Біздің міндет – бағаның күрт секіріп кетпеуін қамтамасыз ету. Нарықтағы тұрақтылық пен ашықтықты сақтау маңызды, – деді вице-премьер.

Ол жағдай толық бақылауда екенін айтып, Жаңа жыл қарсаңында «аспандағы» бағаларды күтудің қажеті жоқ екенін тағы бір мәрте ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: