Бейсенбі, 02 қазан, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Астанада Kazakhstan Energy Week – 2025 апталығы басталды

02.10.2025

63 0

Фото: BAQ.KZ

Бүгін елордада Kazakhstan Energy Week – 2025 апталығы және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ашылу салтанатында KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов сөз сөйледі. Ол бұл апталықтың энергетика саласындағы сенім, стратегиялық диалог пен ынтымақтастықтың символына айналғанын атап өтті.

Бүгін біз тек тәжірибе алмасу үшін емес, энергетика саласының болашағын бірлесе қалыптастыру үшін жиналдық. Энергия бүгінде тек ұлттық деңгеймен шектелмейді – ол халықаралық әріптестік пен ортақ болашақтың өзегі, – деді Ақшолақов.

Форумға жетекші халықаралық компаниялар қатысып отыр. Ақшолақов олардың қатысуын орта державалардың жаһандық энергетикалық болашақты бірігіп қалыптастыруға дайын екенінің дәлелі ретінде бағалады.

Біз дәстүрлі ресурстарды дамытумен қатар, жасыл энергия, декарбонизация, жасанды интеллект пен озық технологияларды белсенді енгізіп келеміз. Бұл – тиімді, қауіпсіз әрі экологиялық болашаққа бастайтын жол, – деді ол.

Сондай-ақ спикер Астанада 2028 жылы Әлемдік мұнай конгресін қабылдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, форумда әлемдік энергетиканың болашағын айқындайтын басты сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер талқыланады.

Ауқымды іс-шараның басты ақпараттық серіктесі – «Qazcontent» АҚ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: