Сейсенбі, 11 қараша, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Биыл 9 ай ішінде геологиялық барлауға 80 млрд теңге жұмсалған

11.11.2025

47 0

Фото: BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Энергетика министрлігі мұнай-газ секторындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейтіп, геологиялық барлауға салынатын инвестиция көлемін тұрақты деңгейде ұстап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, 2025 жылдың тоғыз айында геологиялық барлауға 80 млрд теңге инвестиция салынған. Жыл соңына дейін инвестициялар көлемі алдыңғы жылдардағы көрсеткішпен шамалас – 150-160 млрд теңге деңгейінде болады деп күтіледі.

Бүгінгі таңда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бағытында 324 келісімшарт әрекет етеді. Салада өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау және сервистік қызметті қоса алғанда, шамамен 220 мың адам жұмыс істейді, – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Ол саланың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Бірыңғай мемлекеттік жер қойнауын пайдалану жүйесі енгізілгенін атап өтті. Бұл жүйе арқылы келісімшарттарды автоматты түрде сүйемелдеу, сондай-ақ міндеттемелердің бұзылуына қатысты хабарламаларды жолдау жүзеге асырылады.

 2024 жылы осындай 167 хабарлама жіберілді, олардың жалпы сомасы шамамен 19 млрд теңгені құрады. Соның ішінде 2 млрд теңге өндірілді. Ал игерілмей жатқан учаскелерге жүргізілген тексеріс нәтижесінде 17 келісімшарт бұзылып, бос учаскелер аукционға шығарылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: