Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Доңға» жобасы бойынша уәкілетті орган қызметін атқаратын «PSA» ЖШС-мен бірлесіп, жобаны іске асыру барысында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі жергілікті қамтуды дамытуға арналған бесжылдық бағдарламаны бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, бұл бағдарлама елімізде өндірілетін құн үлесін арттыруға және ірі мұнай-газ жобаларында отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Доңға» жобасы бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасының бес жылдық мерзімге бекітілуі болды. Бағдарлама жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша нақты нысаналы көрсеткіштерді көздейді.
Бағдарламада сатып алу қызметінің тиімді құралдары мен тетіктері қарастырылған, олар қазақстандық өндірушілерді ынталандыру мен қолдауға, инвестиция алмасу негізінде ұзақ мерзімді шарттар мен келісімшарттар жасасуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірісін оқшаулауды ынталандыруға бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
