KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовтың пікірінше, қазіргі геосаяси оқиғалар әлемдік энергетикаға айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл туралы ол XVI Евразиялық KAZENERGY форумындағы жаһандық энергетикалық көшу және көмірсутекті баланстық мәселелерге арналған стратегиялық сессияда айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі геосаяси оқиғалар үлкен әсер етеді. Энергетикалық ресурстар өндіруші елдер үшін бұл әсіресе айқын көрінеді, белгісіздік жоғары деңгейде сақталады, халықаралық ұйымдардың болжамдары алдағы жылдары жағдайдың күрделі болып қалатынын көрсетеді, – деді Болат Ақшолақов.
Жалпы, оның пікірінше, күн тәртібінде үш маңызды аспект бар: нарықтардың трансформациясының геоэкономикалық салдары, дамушы елдерге көшу мен кедергілерді жою, белгісіздік жағдайында халықаралық үйлестіру.
Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ерекше орынға ие. Бір жағынан, бізде энергетикалық ресурстардың едәуір қорлары бар, екінші жағынан біз жаһандық энергетикалық көшу күн тәртібіне белсенді қатысып жатырмыз. Қазақстан өңірдегі алғашқы елдердің бірі болып Париж келісіміне қосылды, – деді Ақшолақов.
Ол сонымен қатар қазір елде бірнеше жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
- жел және күн электр станцияларын қосқанда, жаңартылатын энергия көздерін дамыту;
- “жасыл” энергетиканың үлесін 15%-ке дейін арттыру бойынша жұмыс;
- энергияны жинау және аккумуляция технологияларын дамыту жобалары;
- азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған газдандыру.
Қорыта келе ол елдің энергетикалық саясаты экономикалық мүдделермен қатар, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін де ескеретінін атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!