Бейсенбі, 19 ақпан, 12:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Энергетика нысандарындағы технологиялық процестерді басқару жүйелері жаңартылады

19.02.2026

52 0

Фото: Энергетика министрлігі

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Энергетика министрлігі технологиялық процестерді басқару жүйелерін кезең-кезеңімен жаңарту және зияткерлік технологияларды енгізу мақсатында энергетика нысандарындағы олардың қазіргі жай-күйіне бағалау жүргізді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жұмыс барысында қолданыстағы басқару жүйелерінің цифрлық жетілу деңгейі талданды, технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықталды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, оларды одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.

Технологиялық параметрлерді зияткерлік мониторингілеу, жабдықтардың істен шығуын болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Диспетчерлік басқару және кибертұрақтылықты қамтамасыз ету жүйелерінде үлкен деректер талдамасы мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану тәсілдері қаралды.

Алынған нәтижелер басқару жүйелерін жаңғыртудың бірыңғай техникалық талаптарын әзірлеуге және Қазақстан Республикасының энергетика кешенінде зияткерлік шешімдерді ауқымдандыруға негіз болады.

Аталған іс-шараларды іске асыру апаттық жағдайларды азайтуға, энергия нысандарын пайдалану тиімділігін арттыруға және саланың заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: