Жұма, 03 қазан, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Мұнайшыларға деректерді талдаушылар мен смарт-желі операторлары қажет

03.10.2025

48 0

XVI Еуразиялық Kazenergy форумының “Жұмысшы мамандықтар жылы: адамдар энергиясы” атты панельдік сессиясында ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Жанар Жарылғасова Қазақстанның энергетика саладағы кадр даярлау стандарттары жаңарып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде мұнайшыларға деректерді талдаушылар мен интеллектуалды жүйелер операторлары қажет. ЖОО-лар жаңартылатын энергия көздері, энергияны сақтау және цифрлық технологиялар бойынша бағдарламаларды енгізіп жатыр, смарт-желілер мен сутегі жобалары бар зертханалар ашылып жатыр, – деді ол.

Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі және Білім министрлігімен бірлесіп мамандар даярлау стандарттарын жаңарту қалай жүріп жатқанына тоқталды.

Енді оларға “жасыл” және цифрлық құзыреттер енгізілген. Ірі компаниялар студенттерге тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріп, оқу курстарын жаңғыртып, тәлімгерлік бағдарламаларды қалыптастыру үстінде.

Біз жаңа буын энергетиктерін мобильді, жоғары білікті және өмір бойы оқуға дайын деп көреміз. Мемлекет, бизнес және ғылым болашақ экономикасына қажет мамандарды даярлау үшін күш біріктіріп жатыр. Біздің адамдарымыздың энергиясы – таусылмас ресурс, оны жасампаз арнаға бағыттауымыз керек, – деп түйіндеді Жанар Жарылғасова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: