Топ-баннер2

Сәрсенбі, 11 наурыз, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан энергетиктері: Жаңа Конституция — ел дамуының болашақ бағытын айқындайтын тарихи құжат

11.03.2026

36 0

Фото: Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы

Бүгін Астанада Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасына арналған кездесу өтті. Шара барысында Қазақстанның энергетиктері елдің жаңа Негізгі Заңын қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Шараға энергетикалық компаниялардың қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және ҚР Парламентінің депутаттары қатысты.

Бейнебайланыс арқылы жиынға еліміздің барлық өңірлерінен энергетика кәсіпорындарының өндірістік ұжымдары қосылды. Бүгінде еліміздің энергетика саласында 100 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Әріптестеріне Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Бағдат Орал үндеу жасады.


— Негізгі Заңның жаңа жобасы — мемлекет дамуының болашақ бағытын айқындайтын тарихи құжат. Біз энергетик ретінде де, өз еліміздің азаматы ретінде де бұл бағытты қолдаймыз және елдегі өзгерістердің маңыздылығын терең түсінеміз, — деді ол.

Жиынға қатысушылар жаңа Конституцияның ел экономикасын өз қолымен өркендетіп жатқан жандар үшін құндылығын атап өтті.


— Еңбек адамы, жұмысшы мамандықтарының өкілдері іс жүзінде мемлекеттің іргелі құндылықтары деңгейіне көтеріліп отыр. Бұл еңбекқорлықты мемлекеттік даму принциптерінің бірі ретінде бекіту туралы тұжырымдамада айқын көрініс тапқан, яғни, еңбек, кәсібилік және шығармашылық қызмет конституциялық деңгейде танылып, ерекше құрметке ие болады, — деп атап өтті Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының басқарма төрағасы Талғат Темірханов.

Сонымен қатар, «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы», «Атырау Жарық» компаниясы, «Алматы электр станциялары» АҚ және Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері жоба туралы өз пікірлерін білдірді. Олар мемлекеттің дамуына ықпал ететін жекелеген нормалардың, атап айтқанда, адами капиталдың стратегиялық маңызы, кепілдіктер мен жауапкершілік туралы айтты. Спикерлер қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне де ерекше тоқталды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов экология мәселесінің маңыздылығын атап өтті.


— Жаңа Конституция жобасында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттің іргелі принципі ретінде бекітілді. Қоршаған ортаны қорғау адам құқықтарын қорғаумен тең деңгейге көтерілді. Құжатта жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені тікелей жазылған. Бұл жай ғана сөз емес — бұл бәрімізге жүктелген жауапкершілік пен ортақ бағдар, — деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Қазақстан энергетиктері Конституцияның жаңартылған нормалары заман талабына сай екенін, олар ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.


Кездесу соңында қатысушылар баршаны азаматтық белсенділік танытып, 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық дауыс беруге қатысуға шақырды.

Бұған дейін Jan Železný (Ян Железны) Қазақстандағы конституциялық реформа елдің халықаралық беделіне де ықпал ететінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: