Сейсенбі, 28 қазан, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан көмірден таза энергия өндірмек

28.10.2025

61 0

Фото: - архив/ BAQ.KZ

Энергетика министрлігі Қазақстанда көмірден алынатын электр қуатын таза көмір технологиясы негізінде дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жобалар экологиялық талаптарға сай жүзеге асырылып, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда таза көмір технологиясы негізінде көмір генерациясын дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда 3-ші Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясының құрылысы үшін инвестор таңдау бойынша тендер өткізілді, ал Курчатов қаласында Жылу электр станциясын салу үшін тендер жариялау жоспарланып отыр. Сонымен қатар министрлік “Самұрық-Энерго” компаниясымен бірлесіп Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын (ТЭЦ) құру жобаларын жүзеге асырып жатыр. Жобаларда түтін газдарын тазалау және ауыр металдарды ұстау бойынша озық технологиялар қолданылады, – деді министр.

Астана мен Шымкент қалаларында маневрлік бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр. Бұл механизм 2022-2024 жылдары жалпы қуаты шамамен 2,5 ГВт болатын 8 бу-газ жобасының инвесторларын анықтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Қытайдан, Еуропадан және араб елдерінен келген стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 3,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері мен 1,1 ГВт энергия жинақтайтын жүйелерді құруға бағытталған ірі жобалар пысықталып жатыр.

Министрдің айтуынша, 2035 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің тұрақсыз электр энергиясын маневрлік бу-газ қондырғылары арқылы теңестіру жоспарланып отыр, бұл энергетикалық жүйенің сенімділігін арттырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: