Сейсенбі, 27 қаңтар, 21:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда бензин бағасы өсіп кетпей ме?

25.11.2025

249 0

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Энергетика министрі АИ-95 және АИ-98 бойынша баға өсуі мүмкін, ал АИ-92 мен дизельге мораторий күшінде екенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, жанар-жағармай нарығында алдымен әлеуметтік маңызы бар отын түрлеріне назар аудару қажет. Олардың қатарына бұрын мемлекет тарапынан реттеліп келген АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны кіреді.

АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин бағасы бұрын ешқашан мемлекеттік реттеуге жатпаған. Сондықтан бұл отын түрлері бойынша баға өсуі мүмкін. АИ-92 бензині мен дизельдік отынға 2026 жылдың наурызына дейін мораторий жарияланған. Осы кезең ішінде үкіметтің шешіміне сәйкес, олардың бағасы өзгермейді, – деді Ерлан Ақкенженов Ақорда кулуарында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: