Бейсенбі, 13 қараша, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қашан белгілі болады

13.11.2025

45 0

Фото: BAQ.KZ архиві

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы қараша айының соңына дейін белгілі болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сенатта өткен баспасөз мәслихатында Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин мәлімдеді.

Оның айтуынша, байқауға өтінімдер 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданған. 2025 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған байқауға 27 мыңнан астам адам қатысқан.

Конкурс комиссиясының отырысы өтеді. Ол жеңімпазды анықтап, ресми түрде хабарлайды. Бұл жақын күндері белгілі болады. Менің ойымша, осы айдың соңына дейін нәтиже жарияланады, – деді агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: