2025 жылғы 25 желтоқсанда Үкіметтің жеке меншіктен республикалық меншікке «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін сыйға тарту шарты негізінде қабылдау туралы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ҚАЭС ЖШС) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын», – делінген құжатта.
Осыған байланысты акциялары мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер тізбесі төмендегі мазмұндағы жолмен толықтырылды:
- «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Сондай-ақ ЖШС-ке иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне берілді.
Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
