Сенбі, 27 қыркүйек, 20:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

ҚазМұнайГаз бен Eni Жаңаөзенде күн электрстансасын іске қосты

27.09.2025

44 0

Фото:ҚМГ баспасөз қызметінен

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және италиялық Eni S.p.A. энергетикалық компаниясы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында қуаты 50 МВткүн электрстансасының құрылысын аяқтап, оны пайдалануға берді деп хабарлайды компания баспасөз қызметінен. kursiv.media

 Нысанды іске қосу — жалпы қуаты 247 МВт болатын Гибридті электр стансасын салу жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі болды. Бұл жоба күн, жел, газ электр стансаларынан тұрады және ҚМГ-ның төмен көміртекті даму бағдарламасы аясында салынып жатыр.

Жаңа күн электр стансасы заманауи фотоэлектрлік технологиямен жабдықталған. 80 гектарға жуық аумақта LONGi компаниясының 80 000-нан аса күн панелі орнатылған. Осы панельдердің тиімділігі — олар екі жағынан да энергия шығарады. Жалпы, бұл кешен жылына 86 млн кВт•сағ таза энергия өндіретін болады. Гибридті конфигурация жаңартылатын энергия көздерін газ генерациясымен біріктіреді, бұл құбылмалы ауа райы кезінде де энергия қуатын береді.

Күн электр стансасының құрылыс жұмыстарына 250 адамға дейін жұмылдырылды, бүгінде газ электр стансасын салу алаңында 122 маман еңбек етеді.

«ҚМГ мен Eni арасындағы көпжылдық ынтымақтастықтың нәтижесінде қолға алынған жоба — Қазақстанның көміртегі бейтараптығының 2060 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруға үлес қосып отыр. Гибридті стансасының құрылысы мемлекет деңгейінде көрсетілген жүйелі қолдаудың арқасында мүмкін болды. Кешен толық іске қосылғаннан кейін электр энергиясының шамамен 40% жаңартылатын көздерден алынады, бұл көміртегі ізін едәуір азайтады және мұнай-газ өндірудің сенімділігін қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында жоба уақтылы жүзеге асырылды», – деп атап өтті ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: