Дүйсенбі, 20 қазан, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Ресей зауыты шабуылдан кейін қазақстандық газды қабылдауды тоқтатты

19.10.2025

133 0

Фото:depositphotos.com

Орынбор газ өңдеу зауыты Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды уақытша қабылдауды тоқтатты. Бұған себеп – дрон шабуылы салдарынан болған апаттық жағдай, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Газпромның» мәліметінше, апаттық жағдай 19 қазанда болды. Зауыт қаншалық зақымданғаны мен жұмысты қалпына келтіру мерзімдері туралы ақпаратты Ресей тарапы әзірге ұсынған жоқ.

«Қазақстанға газбен жабдықтау әсер етпеді, ішкі тұтынушыларға газ шектеусіз, қалыпты режимде беріледі», – деді ведомсмтво.

Қарашығанақ шикізатын өңдеу және мұнай өндіруге ықтимал әсері мәселелері кен пайдаланушыларымен бірлесіп қаралып жатыр. Шығындар мен алдағы шаралар туралы қосымша хабарланады.

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: