Дүйсенбі, 06 сәуiр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24 (2236)
04.04.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық жоба аясында 11 электр станциясы жаңғыртылады

06.04.2026

45 0

Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында Энергетика министрлігі үшін басым бағыттардың бірі – қолданыстағы энергия көздерін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту болмақ. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еттім, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жалпы, 11 электр станциясында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:

  • Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
  • Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);
  • Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);
  • Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);
  • Топар ГРЭС-ін жаңғырту (250 МВт);
  • Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);
  • Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);
  • Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);
  • «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);
  • Степногорск ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр станцияларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: