Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Алтын сапа» сыйлығында Сыр елінің екі кәсіпорны арнайы номинация иеленді

14.12.2020

1081 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен онлайн режимінде «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанаты өтті. Әр облыстың аймақ басшылары шараға вкс режимінде қатысты.
Президент жиында «Алтын сапа» сыйлығын табыс ету отандық кәсіпкерліктің дамуына елеулі үлес қосқан бизнес сектордың орны ынталандыру әрі қолдаудың жолы екенін атап өтіп, үздіктерді құттықтады.

«Алтын сапа» сыйлығында Сыр елінің екі кәсіпорны арнайы номинация иеленді


Жиында іріктеу сынынан өткен кәсіпорындар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын» номинацияларын иеленді. Сондай-ақ, «Ұлы дала елі», «Іскер», «Бизнес кемелділік» аталымында үздіктер анықталды.
Президенттің «Алтын сапа» сыйлығында Сыр елінің екі кәсіпорны арнайы номинация иеленді. «Іскер» аталымы «Абай Дәулет» ЖШС-іне бұйырды. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов кәсіпорын басшысы Мұрат Сәрсенбаевқа арнайы марапатты табыстап, құрмет көрсетті.
Айта кету керек, «Абай Дәулет» ЖШС 2016 жылдан бері Қызылорда облысының аумағында өнім өндіру бағытында қызмет етіп келеді. Серіктестік күріш өсіру, бау-бақша өсіру және қой өсірумен айналысады. Өндіріс жанынан жаңа күріш ақтау зауыты ашылған. 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын әлеуетті зауыт күріш жармасы нарығының ұлғаюына зор үлес қосуда. Кәсіпорын басшысы Мұрат Сәрсенбаев «Жомарт жүрек» азаматы атанып, «Жыл меценаты» номинациясымен марапатталған.
Салтанатты жиында өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығы Қызылорда облысына бұйырды. «Азық-түлік тауарлар және ауылшаруашылық өнімдер өндірісі» атылымы «Абзал және К» толық серіктестігі лайық деп табылды. Жүлдені Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов табыстады.


«Абзал және К» компаниясы жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Ресей, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия елдеріне экспортқа шығарылады. Компания күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарында. Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания биылдың өзінде 54 жаңа жұмыс орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова үздіктер қатарынан көрінген Сыр елінің кәсіпкерлерін жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы 2016 жылдан бері үздіктерге табысталып келеді. Осы кезге дейін байқауға республикадан 2200 астам кәсіпорын қатысқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: