Кеше «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция және жауапты сала өкілдерімен Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округіндегі партияның «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып кәсіп бастаған азаматтардың жұмысына мониторинг жасады.
Жалпы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында өткен жылы облысқа 2,5 млрд. теңге қаражат бөлініп, өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге берілді.
Бөлінген қаражатты игеру мақсатында Несие комитетімен 2 255,8 млрд. теңгеге 343 өтінім мақұлданды. Мәселен, несие алғандар арасында қалаға қарасты Қызылжарма ауылдық округінің тұрғыны Еркін Аманжолов 3 миллион теңгеге 3 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алып, сүт өнімдерін сатып отырса, Бабабек Қалмырзаев 20 бас асыл тұқымды ешкі алып, күніне 50 литр сүт өндіріп, оның өнімдерін көтерме бағамен өткізуде.
Сондай-ақ, осы ауылдың тұрғыны Шоқан Джумабеков 9,2 млн қаржыға блок өнімдерін шығару үшін қажетті құрал жабдықтарын сатып әкелген. Ауылда жоба бойынша монша ісін дамытуды қолға алғандардың да қатары артып келеді. Мәселен, жалпы құны 13 млн теңгеге 2 бірдей тұрғын ауыл ішінен монша ашып, кәсібін жүргізіп отыр. Соның бірі Аида Ибраева. Кәсіпкер жоба шартының өте тиімді, әрі жаңадан кәсіп бастауға ниетті азаматтар үшін қолайлы екенін айтады.
«Біз ауылдан монша салып, «Ауыл аманаты» жобасымен алған 5 млн теңгеге моншаға қажетті құрал жабдық сатып алдық. Бұл қаржыны екінші деңгейлі банктен алатын болсаңыз, үстіне кемі 2 млн қосып қайтарасыз. Ал мұнда қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. 1 жыл жеңілдік бар. Бөліп төлеу де қарастырылған. Өте тиімді жоба», – дейді Аида.
Кәсіпкерлердің жұмысына табыс тілеп, жобаның негізгі мақсатын атап өткен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов: «Бұл – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, проблемаларын жедел шешуге, ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін жоба. Сондықтан берілген мүмкіндікті дұрыс мақсатта пайдалану қажет. Кейбір азаматтар қаржыны алып, тиімсіз пайдаланған. Қазір мұнай азаматтарға беріген қаржының үстіне 25 пайыз қосып қайтарту жұмыстары жүргізілуде егендігін жеткізді.
Ауыл тұрғындары алдағы уақытта қаржылай қолдау болса, шұғылданып отырған шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!