Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар бизнес бастаса

12.07.2022

972 0

Жазғы демалысты бос өткізбей, әр күнді пайдалы әрі қызықты ету маңызды. Мектепке бармағанмен кітап та оқып, ойын да ойнап, тиімді іспен де айналысу қажет. Осы орайда балаларға арналған шағын бизнес идеяларды ұсынуды жөн көрдік. Бұл арқылы ең алдымен аз болса да табыс табуға мүмкіндік бар. Ал одан бөлек мұндай бизнес бастама балаларға жеке экономика мен сауданы үйретеді. Сондықтан қолда бар дүниеден, еш шығынсыз бизнес бастап көруге әбден болады.

Үй тәттілері. Қазір­гі кезде жасөспірім қыз­дардың көбі кондитерлік іске қызығушылық та­нытып, тәтті тағамдар дайындауға құмартады. Міне, осындай жандар өз тәттілерін саудаға шығарып, тапсырыс та қабылдай алады.

Аспапта ойнау. Түрлі ұлттық аспапта ойнай ала­тын өнерлі өрендер де ақша таба алады. Олар өз­дерінің білгенін өзгеге үй­ретіп, аспапты меңгеруіне көмектеседі. Осылайша өзде­рінің шағын курсын ашып, онлайн және офлайн түрде жүргізуге болады.

Тауар сату. Бүгін­де шетелден тауарға тапсырыс беруге бола­тын платформа қата­ры көп. Ол жерден пайдалы әрі трендтегі тауарларды арзан ба­ғада сатып алуға болады. Ал ол заттарды сату арқылы пайда табуға болатынын ешкім жоққа шығармайды.

Компьютерлік сауаттылық. Қа­зіргі балалар компьютерді емін-еркін қолдана алады. Ал енді осы біліктілігін бизнеске айналдыруға болатынын бәрі біле ме? Иә, расымен компью­терді қалай қол­дану керектігін үй­ретіп, пайда табуға болады.

SMM маманы. Әлеу­меттік желі − тек қызықты жазбалар­дың орны ғана емес біреулердің кәдімгі табыс тауып отыр­ған платформасы. Әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы ақша тауып отыр­ғандар да бар. Міне, сондай парақ­шаларды жүргізумен айналысатын SMM ма­маны қызметін жас­өспірімдер де ат­қара алады.

Транскрибация. Бұл бүгінгі қоғамда көп сұранысқа ие ұғым. Аудио және бейне материалдарда­ғы сөздерді мәтін ретінде жазушыларға сұраныс көп. Одан бөлек мәтін теру­шілер, конспект мен реферат жазу арқылы да табыс табуға болады.

P.S. Қазақстандағы Еңбек кодексіне сәйкес 14-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер тек 4 сағат қана жұмыс істей алады. Онда да еңбек шартын ата-анасы жасау керек. Ал 16-18 жастағы балалар жұмыс берушімен арада 6 сағаттық қызметке еңбек келісім шартын жасауға мүмкіндігі бар. Міне, осы жайттарды бизнес бастар алдында назарда ұстау қажет.

А.ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: