Сенбі, 21 желтоқсан, 21:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Халықаралық авто дәлізде қалаға тиесілі 9 жоба іске қосылған

26.02.2022

954 0

Туризм саласының дамуына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойындағы жол маңы сервистік қызмет көрсету кешендерінің салынуы оң ықпалын тигізуде.


«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның өңірлік филиалы, жергілікті әкімдіктермен келісілген 55 жол бойы сервистік нысан салынатын жер белгіленген.
Бүгінде автокөлік дәлізінің бойында қала үлесіне тиесілі 9 жоба іске қосылып, негізгі капиталға 3 млрд. 570 млн теңгені құрайтын жеке инвестиция құйылды. Жаңадан 172 жұмыс орны ашылды.


Соның бірі, 2022 жылғы қаңтар айында пайдалануға берілген «Синойл» ЖШС-нің 1823 шақырымдағы «Д» санаты бойынша жанар-жағар май құю бекеті 25 жұмыс адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


Қазіргі таңда, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің 1801 шақырымында «Автогаз Трэйд» ЖШС-нің «Д» санатындағы жанар-жағармай, газ құю бекетінің құрылысы жүргізілуде. «Автогаз Трэйд» ЖШС-нің облыс аумағында 3 аталған бағыттағы 3 нысаны халыққа қызмет көрсетіп келеді.


Сонымен қатар, 1802 шақырымдағы «Қазақстан Еуразиялық транспортты логистикалық компаниясы» ЖШС-нің «В» санатындағы жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Айта кету керек, қала әкімдігімен 1801 шақырымнан бастап 1835 шақырымға дейін жол бойы сервистік кешендері бойынша аралап талдау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: