Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлерге 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беру басталды

02.03.2023

955 0

1 наурыздан бастап кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікті микрокредиттер беру үшін құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтында хабарлады.

https://kaz.nur.kz/nurfin/2011424-zastarga-zenildikpen-sagyn-nesie-beru-usin-quzat-qabyldau-bastaldy/

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарлануда. Микрокредиттер: 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Бұл ретте қатысушылардың жасы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі. Микрокредит сомасы 5 млн теңгеге дейін, қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез келген мақсатқа) 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. «Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт емес. Бұл ретте жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады», – делінген хабарламада. Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. Қажетті құжаттар тізімі: жеке басын куәландыратын құжат; 2. жоба бойынша бизнес-жоспар; 3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама; 4. кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде); 5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде; 6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп; 7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар. Айта кетейік, микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі. Қазіргі уақытта микрокредиттер алуға өтінім Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарында және Астана қаласында қабылданады. Ал қалған өңірлерде өтінімдерді қабылдау жақын арада басталады. Бұл туралы қосымша хабарланбақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: