Жұма, 27 желтоқсан, 04:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Күзгі науқан аяқталды

18.10.2022

1307 0

Сыр диқандары осы жылғы егін жинауды нәтижелі аяқтады. Биыл 188,5 мың гектар жерге егін егіп, оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 78,6 мың гектарды құрап, әр гектардан 56,7 центнерден өнім алынды.

Соңғы жылдары аймақтағы егін шаруашылығы саласының маңызды мәселесі – су тапшылығы еді. Осыған орай биыл Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы қалпына келтіру мен бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, қашыртқы суларды қайта пайдалану және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 133 дана насос қондырғылары сатып алынуда.

Айта кету керек, биыл су тап­шылығын ескере отырып, өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гек­тар күріш алқабы қысқартылды. Оның орнына суды аз қажет ететін мал азықтық дақылдар мен қатар картоп, көкөніс, бақша өнімдерінің егіс көлемдері 7,3 мың гектарға ұлғайтылған. Атап айтсақ, 1945 гектар жүгері, 189 гектар соя, 358 гектар қант құмайы, 3,5 гектар қант қызылшасы егілді. Бүгінде күзгі егін жинау науқаны оңтайлы мерзімінде жүргізіліп, толық аяқталды.

Бұл туралы өңірлік коммуника­циялар оратылығында өткен бри­­фингте облыстық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

– Күзгі егін жинау науқанының аяқталуына орай облыс әкімінің қатысуымен «Алтын дән-2022» мере­келік шарасы өтті. Мұнда облыстың агроөнеркәсіптік кешені бойынша үздік жетістіктерге жеткен 67 озат марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы мен барлық аудан­дардың қатысуымен ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сыр диқандары 2000 тоннаға жуық 500 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін ха­лыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынды. Алдағы уақытта аталған шара барлық аудандарда жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы саласы озаттары марапатталады, – деді басқарма басшысы.

Қай кезде де Сыр өңірінің күріші үлкен сұранысқа ие. Бүгінде Сыр диқандары еліміз бойынша халықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ алыс-жақын шет елдерге де өнімдерін экспорттауда.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: