Жексенбі, 29 желтоқсан, 00:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыста жас кәсіпкерлердің 36 жобасы мақұлданған

27.04.2023

575 0

Биыл жастардың кәсіп бастауына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Яғни, 2,5 пайызбен 5 миллионға дейін шағын несие беріледі. Бүгінде бұл бастама облысымызда жүзеге асуда. Мәселен, конкурстық комиссияның екі отырысы өтіп, 36 жоба мақұлданды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаева мәлімдеді.

«Осы конкурс аясында салаға жетекшілік жасайтын комиссия төрағасымен отырыс өткізіліп, 168 млн. теңге жас кәсіпкерлерге бөлінді. Сондай-ақ комиссия отырысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында байқаушы қатысады. Комиссия мүшелері өзекті, маңызды және бизнес-жобаның өміршеңдігі бойынша несиені мақұлдайды»,-деді басқарма басшысының орынбасары Жанар Жұмабекқызы.

«Несие кәсіпкерлерге 5 жылға, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға 7 жылға беріледі. Ескере кететін жайт, борышкердің кепілмен қамтамасыз етуі міндетті. Сондай-ақ несие алушы жеке кәсіпкер болып тіркелуі тиіс. Бұл ретте несие өзінің жеке қарыздарын жабуға, ойын бизнесіне берілмейді. Облысымыздың жас тұрғындары несие алу үшін тиісті құжаттарын «Аграрлық несие корпорациясына» тапсырады. «Аграрлық несие корпорация» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының құжаттарды тексеру уақыты өтінім түскен күннен бастап 3 жұмыс күнін құрайды. Қажетті қағаздары сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып кері қайтарады. Ал барлық құжат ережеге сәйкес болса, 15 күн ішінде бағалау жүргізіліп, тиісті жұмыстар біткеннен кейін 3 жұмыс күн ішінде бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның қарауына жолдайды»,-деді «Аграрлық несие корпорация» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Маханбет Тұрмаханов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: