Жұма, 22 қараша, 20:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Қашаған және Қарашығанақ кен орындары бойынша серіктестердің үстінен шағым түсірді – БАҚ

06.04.2023

456 0

Еліміздегі Қашаған мен Қарашығанақ екі ірі мұнай кен орнын пайдаланатын компанияларға қарсы халықаралық арбитражға шағым түсті деп хабарлайды Bloomberg сайты.

Серіктестер Қашаған бойынша 13 млрд және Қарашығанақ бойынша 3 3,5 млрд доллар шығынды шегермеуі тиіс еді.

Егер іс мемлекет пайдасына шешілсе, ол өнімді бөлу туралы келісімдердің талаптарына сәйкес, кен орындарынан түсетін кірістің көп үлесін алады.

Іс Женева мен Стокгольмде өтеді, арбитрлер таңдалды. Онда Қашағанның 2010 жылдан 2018 жылға дейінгі және Қарашығанақты 2010 жылдан 2019 жылға дейінгі оқиғалары баяндалады. Билік тарапы бойынша компаниялар екі жобаның тендерлік рәсімдерін бұзды деп санайды. Сондай-ақ, Қашағандағы мердігерлердің жұмысын толық көлемде орындамады деп есептейді.

Қашағанға компаниялар 50 млрд доллардан астам инвестиция салған. Жоба бойынша негізгі серіктестер – Shell, Exxon Mobil, «ҚазМұнайГаз» мемлекеттік ұлттық компаниясы, Eni және TotalEnergies. Қарашығанақты басқаратын Shell және Eni 2 27 млрд инвестициялады.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қазақстан Қашаған операторынан 5,1 млрд доллар талап етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: