Сәрсенбі, 14 қаңтар, 13:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Құрметті қызылордалық кәсіпкерлер!

05.05.2025

416 0

Қызылорда қаласындағы Сол жағалаудан шағын өндірістік аймақ ашылуда.

Өндірістік аймақ азық-түлік өнімдерін шығаратын жергілікті тауар өндірушілерге таптырмас мүмкіндік. Бұл жерде кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Орталық көлемі 2000 шаршы метр. 10-нан астам кәсіпкер орналаса алады. Ғимараттағы павильондарды  жалға алу ақысы жеңілдікпен ұсынылады.

Аталған өндірістік аймаққа орналасатын кәсіпкерлер бизнесіне қажет құрал-жабдыққа «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жеңілдікпен 3% көлемінде несие ала алады. Кепілге қойылатын мүлкі болмаған жағдайда лизингке алу қарастырылады.

Сондай-ақ шығарған өнімдерін Сол жағалауда жақын күндері қызметін бастайтын коммуналдық сауда орталығы арқылы халыққа сатуына болады.

Келіңіздер, тамаша мүмкіндікті қолдануға асығыңыздар.

Қосымша сұрақтар бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына +7 776 886 3388, 40-03-60, 40-02-37 байланыс нөмірі бойынша хабарласыңыздар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: