Сенбі, 21 желтоқсан, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының мамандары 4 айда 1,2 млрд теңгенің 157 жобасына бизнес жоспар әзірлеп берді

17.05.2023

480 0

Биыл төрт айда Қызылорда кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 157 жобаға бизнес жоспар әзірлеп берді. Оның ішінде 290 млн теңгенің 37 жобасын түрлі қаржы институты қолдап, қызылордалықтар кәсібін бастап кетті.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов жылдың алғашқы тоқсанында кәсіп ашуға бет бұрғандардар құс, мал шаруашылығы,ойын-сауық, денсаулық сақтау, жиһаз жасау, жүк тасымалдау қызметі, синтепон, құрылыс заттарының өндірісі бағыттарын таңдағанын атап өтті.

«Біз «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба аясында шағын және орта бизнес өкілдеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға қаржылай емес қолдау көрсетеміз. Биыл шамамен 5,5 мыңнан астам кеңес береміз деп жоспарлағанбыз. Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері төрт айдың өзінде облыстың мыңнан аса тұрғынына 3,3 мың рет кеңес берді. Осыдан-ақ біздің қызметтерімізге сұраныстың жоғары екенін аңғаруға болады. Ең бастысы – барлық қызметімізді тегін көрсетеміз. «Атамекен» – кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсетуге арналған ұйым. Біз грант, несие бермейміз», – дейді Палата басшысы.

Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері жыл басынан 352 кәсіпкерге 373 сервистік қызмет көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 85 кәсіпкердің бухгалтерлік есебін тапсырып, 67 кәсіпкерге заң сұрақтары бойынша кеңесберді.Оның ішінде рұқсат құжаттарын алуда сүйемелдеп, жеке кәсіпкерлікті ашу, келісім-шарт жобаларын жасауға көмектесті.

Қаржылай емес қолдау қызметтерін алғысы келетін, кәсіп ашуға ниетті азаматтар мен кәсіпкерлерді Палата кеңесшілеріне жүгінуге шақырамыз. Кәсіпкерлер палатасының барлық ауданда филиалы бар. Кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81, 40-02-02.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: