Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық кәсіпкерлер бақша және көкөніс шаруашылығы бойынша біліктілігін көтерді

01.08.2023

399 0

          Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданының 14 кәсіпкері «Мен кәсіпкер» жобасының «Кәсіпке бағыты» аясында біліктілігін көтерді.

          Кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып жатқан «Мен кәсіпкер» жобасы бірнеше саланы қамтиды. Атап айтқанда, «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы», «Бір ауыл – бір өнім» жобасы және шағын және орта бизнес өкілдерінің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатындағы салалық оқытуларды қамтитын «Кәсіпке бағыт» жобасы.

          «Кәсіпке бағытқа» ер азаматтар да, әйелдер де қатыса алады. Тек басты шарт – кәсіпкер болуы керек. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлерге басымдық беріледі», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

          Кәсіпкерлер палатасының жобаға жауапты мамандары биыл барлық ауданды аралап, жобаны түсіндіріп шыққан еді. «Кәсіпке бағыт» жобасының алғашқы оқуына өтінімнің басым бөлігі Шиелі ауданынан түсті. Өтінім берушілер бақша және көкөніс шаруашылығы бойынша оқытуды сұраған.

          «Біз кәсіпкерлердің сұранысын ескеріп осы бағыттағы экспертті іздедік. Нәтижесінде талаптарға сай келетін маманды таптық. Шиелі ауданында 20 жылдан астам уақыттан бері күріш, көкөніс пен бақша дақылдарын өсіруге маманданған «Нұрғиса» шаруа қожалығының эксперті жобаға қатысушыларды оқытты», – дейді Палата басшысы.

          Оқыту барысында жобаның эксперті қатысушыларға бақша, көкөніс өнімдерін өсірудің ерекшелігіне қатысты теориялық ақпаратпен қоса шаруа қожалығына апарып, практикалық білім де берді.

          Оқыту қорытындысымен қатысушылар алған біліктілігіне қатысты тест тапсырды. Курсқа толық қатысып, тесттен 70 пайыздан астам балл жинаған кәсіпкерлерге «Оқуды аяқтағаны» жөнінде сертификат табысталды. Курстан кейін эксперт кәсіпкерлерді үш ай көлемінде  сүйемелдеп, бағыт-бағдар беріп отырады.

          «Кәсіпке бағыт» жобасына облыс аумағындағы барлық кәсіпкерлер қатыса алады. Ол үшін оқығысы келетін бағыты бойынша Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына өтінім беруі керек. Жауапты маман Гүлім Қойшыбай. Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81, 40-02-02.   

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: